Оңай олжалы болуды көздеген ер адам анықталды

550

Түркістан облысында 10 қап қант алып, жалған түбіртек көрсеткен ер адам анықталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оңай олжалы болуды көздеген ер адам анықталды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның азық-түлік дүкенінен танысы 10 қап қант сатып алып, жалған түбіртек көрсеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 186 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Күдікті жас жігіт екені анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жігіт оңай олжалы болуды көздеген. Ол алдын ала қаптарды алып, көлігіне салып, соңғы қапты аларда жалған түбіртек көрсетіп, қантты алып, оқиға орнынан кетіп қалған. Ал қаптағы қантты сатып, ақшасын жаратып жіберген.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыс полицейлері тұрғындарға алаяқтықтың алдын алу үшін сақ болуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу