"Ондай мәселе болмайды": Министр картоп бағасы өспейді деп сендірді

440

Өткен жылы елде картоп бағасы көтерілген болатын.  

"Ондай мәселе болмайды": Министр картоп бағасы өспейді деп сендірді Фото: eldala.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров картоп бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шынында да, былтыр картоп қымбаттап кетті. Өйткені көрші елдерден сұраныс көбейді. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы біз 2,6 млн тонна картоп алатын болсақ, соның он жылда болмаған экспорт – 600 мың тонна экспорттадық. Сондықтан баға көтеріліп кетті. Биыл осыны ескере отырып, біз картоп салу жерін 11 мың гектарға көбейттік. Биыл 2,7 млн тонна картоп аламыз деп жоспарлап отырмыз. Оның 1,8 млн тоннасы жиналды. Бүгінде фермерлердің бағасы 80 теңгеден басталып, 120 теңгеге дейін жетеді", – деді министр тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Айдарбек Сапаров Сауда және интеграция министрлігімен бірлесе жұмыс жүргізіліп отырғанын жеткізді.

"Яғни, өнімді тұрақтандыру қоймаларына сатып алуға, одан басқа сауда үйлері де шартқа отыруы тиіс. Қазіргі уақытта бұл жұмысты жасап тастау қажет. Былтыр осы жұмыс сауда үйлерімен жасалған жоқ. Қазір екі министр болып келістік. Кімдер сатады, қай бағада, қай жерде дегенді уақытында жүргізсек, ондай мәселе болмайды деп ойлаймын", – деді АШМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу