"Ондай ойдан аулақпыз" – Ералы Тоғжанов барлық мәселені бірден шешуге уәде бермейді

569

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын" іске асыру жөнінде ақпарат берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Ондай ойдан аулақпыз" – Ералы Тоғжанов барлық мәселені бірден шешуге уәде бермейді

"Бизнес өкілдерімен кездесуде мемлекет басшысы жалпы ішкі өнімдегі еңбекақы үлесін арттыру маңыздылығын ерекше айтты. Бағдарламалық көрсеткіш 31 пайыздан 38 пайызға дейін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге жалпы кірістердегі еңбек қызметінен түсетін кірістерді 70-тен 82 пайызға арттыру көзделіп отыр", – деді ол 26 мамырда Cенат отырысында.

Ол депутаттарды тізе қосып жұмыс істеуге шақырды.

"Құрметті сенаторлар, бағдарламаның орындалуы ең алдымен халыққа дұрыс түсіндіру, жеткізуге тікелей байланысты. Екіншіден, қандай істің де оңға басуы жауапкершілікке байланысты. Бұл жерде жобаны ұйымдастырушылармен бірге халықтың жұмысқа тартылатын азаматтарының да жауапкершілігі жоғары болуға тиіс. "Бірлесе істеген іс тиімді" деп бабаларымыз текке айтпаған шығар деп ойлаймыз. Бағдарламаны іске асыруға барлық министрлік пен жергіліктің әкімшіліктер толық жұмылдырылды. ...Осы іс-шараға сіздерді атсалысуға шақырамыз. Оңай жұмыс емес, барлық мәселені бірден шешіп тастаймыз деген ойдан аулақпыз. Десек те "ауылдастың анты бір" дегендей, мақсаты бір қоғамның жеңбейтін мәселесі болмайтыны белгілі", – дейді Тоғжанов.

Үкімет басшысының орынбасары дәрігер, педагог, бюджет қызметкерлері және жұмысшылардың – жалпы 1,1 млннан астам адамның жалақысы өсетінін айтты 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу