Өңделген егіс алқаптарына шегірткелер қалай қаптады? – АШМ жауабы

453

Жыл сайын елімізде шегірткелермен күресуге қомақты қаржы құйылады. Биыл осы мақсатта бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінген. 

Өңделген егіс алқаптарына шегірткелер қалай қаптады? – АШМ жауабы Фото: primeminister.kz

Жақында Қостанай облысының егіс алқаптарында шегіртке қаптап кетті. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Тілшілер ведомство басшысына "Өңделген егіс алқаптарына шегірткелер қалай қаптаған?" деген сауал қойды.

"Барлығы да болжамға байланысты. Шегірткелер мүлдем болмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды. Бұл жағдайда ең бастысы уақытылы мәселеге ден қою, сондай-ақ залалды болдырмау үшін тиімді тәсілдердің бар болуы. Бұл бағыттағы жұмыс жыл сайын жалғасады", - деді ол.

Министр арпа өскен алқапқа шегірткелердің аз саны таралғанын атап өтті. Ол зиянкестердің 500 гектар жерге ғана зиян келтіргенін жеткізді.

"Осы үш күнде шегірткелердің мыңдаған, он мыңдаған гектарға жайылып кеткені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді", - деп атап өтті АШМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу