Өңделген жүннен киіз және жылу сақтайтын өнім шығарылады

1156

Өңделген жүннен киіз және жылу сақтайтын өнім шығарылады

ОҚО-да биязы жүнге 15,2 млн теңге субсидия құю жоспарланған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жалпы, облыста 32 мыңға жуық биязы жүнді қой өсірумен айналысатын 20 шаруашылық бар. Олардың басым көпшілігі Сарыағаш пен Қазығұрт ауданында орналасқан. Ал жүнді қайта өңдейтін Шымкент қаласында екі кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар былтыр 1200 тоннаға жуық жүнді сатып алып қайта өңдеген. Өңделген жүннен киіз және жылу сақтайтын өнімдер шығарылады. Биыл 117 тонна биязы жүнге әр келісіне 130 теңгеден, жалпы 15,2 млн. теңге субсидия беру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу