Өңдеу өнеркәсібі, сауда, құрылыста өсу қарқыны баяулады

698

Сауалнамаға 2,6 мыңнан аса өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қойма ұстаушы кәсіпорын қатысқан. 

Өңдеу өнеркәсібі, сауда, құрылыста өсу қарқыны баяулады

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов 2021 жылғы ІI тоқсанда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, биыл ІI тоқсанда тау-кен өнеркәсібінен және көлік пен қоймада сақтау саласынан бөлек барлық салада дайын өнімге деген сұраныс нашарлаған.

"Сұраныстың өсу қарқынының баяулауы өңдеу өнеркәсібінде, саудада, құрылыста байқалды. Ауыл шаруашылығы бойынша сұраныс көрсеткіші теріс аймаққа ауысты. 2021 жылғы III тоқсанында сұраныс өссе, ол тек ауыл шаруашылығында өседі деген болжам бар, ал басқа салаларда өсу баяулап, тіпті төмендеп кетуі де мүмкін", деді Жандос Шаймарданов.

Директор ІI тоқсанда барлық салада шикізат, материалдар мен дайын өнім бағасының өсу қарқыны жеделдей түскенін атап өтті.

"Биыл III тоқсанда бағаның өсу қарқыны баяулайды деп жоспарланып отыр. Аталған салаларда өндіріс көлемі ұлғайып, диффузиялық индекс өсу саласына өтті", деді басшы.

Ол өңдеу өнеркәсібінде ең жоғары өсім барын, III тоқсанда салада өсу қарқыны бәсеңдеуі мүмкін екенін жеткізді.

"Аталған салаларда бәсекелестіктің маңыздылығы жоғары деңгейде. Сауда кәсіпорындары нарықтық бәсекелестіктің ықпалынан шыға алар емес, мұнда кәсіпорындардың 40,1% өз бизнесіне қатысты бәсекелестіктің әсерін сезді. Өңдеу өнеркәсібінде мұндай кәсіпорындардың үлесі 31,6%, көлік саласында 25,6%, құрылыс саласында 24,9%. Ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібінде бәсекелестіктің үлесі аз – 18,2%, 16,1%", – деді Шаймарданов.

Директор кәсіпорындардың едәуір бөлігі (34,1%) үшін олардың іскерлік белсенділігін тежейтін басты кедергі Қазақстан экономикасының жай-күйіне қанағаттанбауы болып саналатынын айтты.

"Мұнда өңдеу өнеркәсібі мен сауда саласы өнімге деген сұранысқа байланысты елеулі проблемаларды (30,9% және 27,6%) бастан кешіп отыр. Ауыл шаруашылығы мен өңдеуші кәсіпорындар білікті кадрлардың тапшы – 26,8%, 25,2%", – деді басшы.

Оның пікірінше, алдағы 12 айда барлық сала бойынша қаржыландыру көлемі бұрынғы қалпында сақталады.

"Бұл ретте өңдеу және тау-кен өндіру өнеркәсібі барынша молырақ қаржыландырылып, керісінше, құрылыс пен саудада аз қаржы бөлінеді деген жоспар бар", – деді директор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу