Өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобаларға 500 млрд теңге жұмсалды

740

Өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобаларға 500 млрд теңге жұмсалды

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың төрағалығымен өткен Маңғыстау экономикалық кеңесінің кезекті отырысында өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобалардың жай-жапсары қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқосу барысында жаңа жобалардың іске қосылуы өңдеу саласында 10 мыңнан астам жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етуі мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар экономикалық кеңесте өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобаларды жүзеге асыруға  500 млрд теңге қаржы жұмсалғаны туралы ақпарат таратылды.

"Осы алаңда таныстырылған жобалардың әрқайсысына жауапты орындаушы, нақты лауазымды тұлға тағайындалып, ол өзінің құзыреттілігі шеңберінде әкімшілік көмек көрсетіп, жобаның орындалысы жөнінде есеп беретін болады. Сондай-ақ отырысқа қатысушылардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді әр бағыт бойынша менің орынбасарларым басшылық ететін жұмыс топтарына беруге немесе кеңес үйлестірушісі – Маңғыстау облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі өңірлік орталығы арқылы беруге болады", - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу