Өндірістік нысандардағы апатты азайтудың жол картасы бекітілді

874

Еліміздің барлық өңірінде газ-техникалық инспекциясын құруды ұйымдастыру шарасы толық аяқталды.  

Өндірістік нысандардағы апатты азайтудың жол картасы бекітілді

Бұл туралы сенатта өткен үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Газ және газбен жабдықтау туралы" заңға сәйкес атқарылған іс туралы министр: "Премьер-министрдің 15 маусымда берген тапсырмасын орындау барысыда қазан айының соңында мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен келісілген қауіпті өндірістік нысандардағы апатты азайтудың жол картасы бекітілді. Жол картасының іс-шараларын орындау қауіпті өндірістік нысандардағы апат деңгейін төмендетуге, технологиялық жабдық қорын жаңғыртуға және жаңартуға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік инспекторлары жергілікті атқарушы органдарға газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талабын сақтау бойынша түсіндіру және әдістемелік көмек көрсетеді", – деді Юрий Ильин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу