Өндірушілер мен импорттаушылар аяқ киімдерді қалай таңбалай алады

627

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елімізде 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап аяқ киімді міндетті түрде цифрлық таңбалау басталғанын еске салды. Осы күннен бастап өндірушілер мен импорттаушылар өнімдерін сату үшін бірегей Data Matrix кодын қолдануы керек, деп жазады inbusiness.kz..

Өндірушілер мен импорттаушылар аяқ киімдерді қалай таңбалай алады

Отандық аяқ киім өндірушілері сатуға шығарғанға дейін өндірістегі тауарларын таңбалауға тиіс. Ал импорттаушылар өндіруші зауытта немесе үшінші елдер аумағындағы қоймаларда немесе кедендік рәсімдер аяқталғанға дейін ҚР Кедендік қоймаларында таңбалау кодын орнатады.

Ол үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдаланып, markirovka.kz ақпараттық жүйесінде elk.prod.markirovka.ismet.kz сілтемесі бойынша тіркелуі керек. Бұл ретте тек электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетіліп, қалған деректер ЭЦҚ-дан алынады.

GTIN (қаптаманың штрих-коды) болған жағдайда, өндірушілер мен импорттаушылар жүйеде жұмысын бастай алады: "Тауарлардың ұлттық каталогы" бөліміне кіріп, "Субаккаунт" бөліміндегі профиль параметрлерінде өндіруші туралы деректерді толтырып, тауарды "Тұтынушылық қаптама" бөлімінде тіркей алады. GTIN болмаған жағдайда, таңбалау жүйесіндегі GS1 Kazakhstan қауымдастығына "GS1-мен өзара іс-қимыл" бөліміне кіріп, ұлттық каталогтағы тауар туралы мәліметтерді толтыруы қажет.

Таңбалау кодтарына жүйедегі "Тапсырысты басқару станциясы" бөлімінде тапсырыс беріледі. PDF немесе CSV форматында жүктеліп, кез келген принтерде басып шығарылып, содан кейін қорапқа, аяқ киімге немесе тауар белгісіне орнатылады.
2021 жылғы 7 желтоқсанға дейін импорттаушылар Қазақстанға импортталатын аяқ киімді кедендік рәсімдер аяқталғаннан кейін еліміздегі өз қоймаларында таңбалай алады.

Тауарларды цифрлық таңбалау мәселелері бойынша кеңес алу үшін тәулік бойы тегін қызмет ететін 8 800 080 65 65 жедел желісіне хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу