Өндірушілерге кредит пен субсидия беру механизмі кеңейтіледі

560

Үкімет басшысы Асқар Мамин "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" құзіреті кеңейетінін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Өндірушілерге кредит пен субсидия беру механизмі кеңейтіледі

"Үкімет инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін әзірледі. Біріншіден, азық-түлік инфляциясын тежеу жөніндегі жедел шаралар аясында экономиканың секторларында құн белгілеудің бүкіл тізбегінде бағаны тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылданады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алу ұйымдастырылып, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" қайта өңдеушілер үшін шикізаттың болжамды әрі тұрақты бағасын қамтамасыз етудегі рөлі кеңейтіледі", – деді премьер-министр. 

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, өндірушілерге жеңілдікпен кредит,  субсидия беру механизмі кеңейтіліп, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін сақтау инфрақұрылымын салу үшін субсидия көлемі артады. 

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатушылар үшін жалдау ақысы төмендетіледі. Елдегі өндірушілердің бірыңғай тізілімін жасау және бағаны мониторингтеу жөніндегі талдамалық платформаны іске қосу өңірлерде инфляцияның күрт өсу фактісіне дереу әрекет етуге мүмкіндік береді", –  деді премьер-министр. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу