Өнегелі ұрпақ – ұлт болашағы

287

Шымкентте "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында "Өнегелі ұрпақ"  апталығы өтуде. 

Өнегелі ұрпақ – ұлт болашағы Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Апталық барысында көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Өнегелі ұрпақ" акциясында "Бірлігіміз жарасқан" ұранымен Ассамблея жастары Әл Фараби ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ассамблея жастары ардагер Мосунова Нина Егоровнаның үйіне барып, ауласын тазалау, үйдің сыртын әктеу, қоршауларды сырлау, шөптерді ору, қоқыстарын шығару жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараға жастармен қатар, қала әкімінің орынбасары С.Құранбек, Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев, қалалық мәслихат депутаты Т.Сұлтанова және т.б. азаматтар мен қоғам белсенділері қатысып, Ұлы Отан соғысының ардагеріне ерекше құрмет көрсетті.

"Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу