Өнеркәсіп тұтынушыларына электр қуатын беру шектеледі

1155

Екібастұз ГРЭС-1 стансасында қуаты 500 МВт №5 блок апатты жағдайда өшкен.

Өнеркәсіп тұтынушыларына электр қуатын беру шектеледі

Екібастұз ГРЭС-1-дегі екі блоктың апатты жағдайда өшірілуіне байланысты өнеркәсіп тұтынушыларына электр қуатын беруді шектеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

KEGOC компаниясының мәліметінше, 19 қарашада Екібастұз ГРЭС-1 стансасында қуаты 500 МВт №5 блок апатты жағдайда өшкен, ал 20 қарашада осы стансада қуаты 500 МВт №8 блоктың жұмысы да апатты жөндеу жүргізу үшін тоқтатылған.

Компания екі блоктың істен шығуына байланысты 20 қарашада Қазақстанның Бірыңғай электр энергетика жүйесінде электр қуатын өндіру көлемі 1 000 МВт-ға дейін азайып кеткенін, бұл Бірыңғай электр энергетика жүйесіндегі қуат дефицитін 1 500 МВт-дан астам деңгейге ұлғайтқанын хабарлады.

"Қазіргі жағдай Ресей энергия жүйелерінің шекарасында қуаттың шекті деңгейінен төмендеуіне, мемлекетаралық электр беру желілеріне түсетін жүктеменің артып, қайталана беретін апат қатерінің пайда болуына соқтыруы мүмкін. Қазақстанның Бірыңғай электр энергетика жүйесінде генерация төмендеуі салдарын барынша азайту және ұдайы қайталанатын апаттарды болдырмау үшін "KEGOC" АҚ ҚР Энергетика министрлігінің келісімімен, өңірлік электржелісі компанияларымен бірлесе отырып өнеркәсіп тұтынушыларына электр қуатын беруді шектейді. Шектеуге жатқызылған тұтынушылар тізімі жергілікті атқарушы органдармен келісілген", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу