Өңір әкімдіктеріне 25 қосымша өкілеттік беріледі

Негізгі заң жобасы бойынша 11 өкілеттік, ал ілеспе заң жобасы тұрғысында 14 өкілеттік ескерілген.  

Өңір әкімдіктеріне 25 қосымша өкілеттік беріледі Фото: gov.kz

Бұл туралы Сенат отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Негізгі және ілеспе заң жобалары аясында өңірлердің әкімдіктеріне 25 қосымша өкілеттік берілмек. Негізгі заң жобасы бойынша 11 өкілеттік, ал ілеспе заң жобасы тұрғысында 14 өкілеттік ескерілген", – деді министр.

Негізгі заң жобасына сәйкес орталық қала мен іргелес облыстардың әкімдіктері агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешуге, тиісті келісімді дайындауға және оған қол қоюға қатысады.

"Әкімдіктер Жергілікті агломерация кеңесін құруға және оның қызметіне, агломерацияны дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге қатысады. Бұдан басқа, орталық қалалардың жергілікті атқарушы органдары қала маңы аймағын дамытудың Бас жоспарын іске асыру бойынша субъектілердің қызметін үйлестіреді, Бас жоспардың жобасын әзірлеуді ұйымдастырады, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің жобаларына келісім береді", – деді Әлібек Қуантыров.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу