Өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінеді – Серік Жұманғарин

311

Шалғай ауылдарда консультация берудің көшпелі форматы енгізіледі. 

Өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінеді – Серік Жұманғарин Фото: Үкімет

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ауылдар мен шағын қалалардағы өндірісті дамытуға бағытталған "Іскер аймақ" бірыңғай бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"Қазіргі уақытта ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, оның ішінде жергілікті ресурстарға бағдарлана отырып, қайта өңдеуді, қолөнерді және шағын өндірістерді дамытуға бағытталған "Ауыл аманаты", "Бір ауыл – бір өнім" сияқты бағдарламалар іске асырылуда. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жобаларын қоса алғанда, аталған бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалар "Іскер аймақ" бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қосымша қолдау ала алады және субсидиялар, инфрақұрылымдық және қаржылық емес мемлекеттік қолдау үшін жүгінген кезде басым тәртіппен қаралатын болады. Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейдегі банктер кредиттеуінің жалпы көлемі жылына шамамен 400 млрд теңгені құрайтын болады", – деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысында. 

2026 жылға арналған субсидиялауға жылдық қажеттілік шамамен 24 млрд теңгені құрайды, бұл ретте бірінші жылы 5 мыңнан астам жобаны қолдау күтілуде.

Бағдарламаға қатысушылар микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері болады.

"Бір жобаға кредиттің ең көп сомасы – 200 млн теңгеге дейін. Субсидиялау – номиналды мөлшерлеменің 40%-ы. Субсидиялау мерзімі – ұзартусыз 3 жылға дейін. Есептеулерге сәйкес, Бағдарламаны 2026-2028 жылдары іске асыру: 23 мыңға жуық жобаны қолдауға; 1,2 трлн теңге сомасына кредит беруді қамтамасыз етуге; шамамен 127 млрд теңгеге бюджеттік қолдауға мүмкіндік береді. Мультипликативті түрінде күтілетін әсер: салық түсімдері – 157 млрд теңге; өнім шығару – шамамен 1,4 трлн теңге; шамамен 7 мың жаңа жұмыс орнын құру және шамамен 136 мың жұмыс орнын сақтап қалу", – деді министр.

Бюджеттік жүктеме 2026-2028 жылдары шыңына көтеріле отырып, кейіннен төмендеумен орташа және уақытша сипатта болады. Бағдарламаны әкімшілендіру egov.business және Damu Online порталдары арқылы өтінімдер беруді, кәсіпкердің жеке кабинеті арқылы "бір терезе" қағидатын іске асыруды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізуді қоса алғанда, цифрлық шешімдерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады. Шалғай ауылдарда консультация берудің және ақпараттық сүйемелдеудің көшпелі форматы енгізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу