Өңірлердегі ауызсудың тарифі қалай белгіленеді?

1059

Сенат бірінші оқылымда қарап жатқан Су кодексіне енгізілген өзгерістер туралы заң жобасында өңірлердегі ауыз судың тарифы мөлшері де сөз болды.

Өңірлердегі ауызсудың тарифі қалай белгіленеді?

Баяндама жасаған сенат депутаты Нариман Төреғалиев қаралып жатқан заң жобасы бойынша жергілікті өкілетті органға ауызсудың бір текше метрі үшін төлем мөлшерін бекіту өкілеттілігі беріліп отырғанын айтты. Яғни өңірлердегі ауыз су тарифының мөлшері қандай болатынын жергілікті мәслихат шешеді. Тариф мөлшері белгіленген кезде сол өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескерілуі керек.

"Жергілікті сумен қамтамасыз ету ұйымы өздері қойған тарифты мәслихатқа ұсынуы керек. Ал мәслихат республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және облыстағы орташа деңгейден жоғары емес тарифті есепке ала отырып, өз өңірлеріндегі төлемді белгілейді", – дейді сенатор.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу