Өңірлердегі жоғары оқу орындары біртіндеп зерттеу университетіне айналады – Саясат Нұрбек

Министр салаға қаражат тиісті деңгейде бөлініп жатқанымен, инновациялық өнімдердің нақты халықтың күнделікті өміріндегі үлесі өте аз екенін атап өтті. 

Өңірлердегі жоғары оқу орындары біртіндеп зерттеу университетіне айналады – Саясат Нұрбек Фото: Turkystan.kz

Бұл туралы Мәжілістеғы ғылымды дамыту тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Қазақстанда жүргізілген бірқатар реформаларға қарамастан, кейінгі 30 жылда ғылым экономикалық даму мен азаматтардың әл-ауқатының өсуінің негізгі драйверіне айналмады. 1991 жылы ғылым саласында 52 мың зерттеуші тіркелсе, 2000 жылы 12 мың ғана адам қалды. 90-шы жылдары 30 мыңнан астам адам басқа салаға ауысып кетті. Қазір енді ғылыми кадрлар саны 22 мыңнан асып отыр", – деді Саясат Нұрбек кадр мәселесін көтере отырып.

Бұл ретте министр салаға қаражат бөлініп жатқанымен, инновациялық өнімдердің нақты халықтың күнделікті өміріндегі үлесі өте аз екенін атап өтті. 

Сонымен қатар ведомство басшысы ғылым саласын цифрландыру мәселесін қозғады.

"Зертханаларды жабдықтауға қомақты қаражат қарастырылған. Өңірлердегі 15 жоғары оқу орнын таңдадық. Оларды зерттеу университеті моделіне біртіндеп көшіреміз. Негізгі ғылыми зерттеу әлеуеті жоғары оқу орындарына тиесілі болуы керек. Бірқатар дамыған елде осы бағытқа басымдық берілген. Біз де осы реформаны бастадық. Енді негізгі жұмысты жоғары оқу орындарына жүктейміз", - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу