Өңірлердің мемлекет қаржысына қол салуы азаяды – вице-премьер

547

Мәжілісте үш жылдық бюджет жобасы жан-жақты қаралды.

Өңірлердің мемлекет қаржысына қол салуы азаяды – вице-премьер Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірлердің республикалық бюджет қаражатына тәуелділігі орта есеппен 33%-ға дейін төмендейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2028 жылы Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз етеді, ал Маңғыстау облысы қайтадан донор болады. Біздің бағалауымызша, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджет қаражатына тәуелділігі орта есеппен 50,7%-дан 33%-ға дейін төмендейді. Өңірлердің базалық инфрақұрылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін, даму бюджеті бойынша өңірлердің нысаналы көрсеткіштерінің мәндерін есептеу Өңірлік стандарттар жүйесінің нәтижелері ескеріліп жүзеге асырылатын болады", – деді Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Вице-премьердің мәліметінше, даму бюджеті жыл сайын ұлғаяды: 2026 жылы 1,7 трлн теңге, 2027 жылы 3,2 трлн теңге және 2028 жылы 4,2 трлн теңге. 

"Үш жылда барлығы 9,1 трлн теңге. Даму бюджетіне салынған қаражатты ескерсек, өңірлік стандарттар жүйесін қамтамасыз ету көрсеткіші 69,2%-ды құрайтын болады. 2026 жылы қаражат басталған жобаларды аяқтауға, ал одан кейінгі жылдары жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады", – деді Ұлттық экономика министрі.

Оның айтуынша, Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен әлеуметтік сала объектілері қаржыландырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу