Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина жеткізу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіліп жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.
"1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Вакцина жеткізу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Ертең өңірлерге кезекті 300 мың доза вакцина жеткізіледі", – деді Алексей Цой.
Министрдің мәлімдеуінше, сәуір айында қосымша 1,4 млн дозаны вакцина жеткізу жоспарланған.
"Сәуір айында еліміздің 2 млн-ға жуық азаматқа вакцина салу мүмкіндігіне ие боламыз", – деді Алексей Цой.
Қанат Махамбет 
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу