Онлайн кассалық аппараттар салықтан жасырылған 14 млрд теңгені анықтады

1454

ҚР Мемлекеттік кірістер департаментінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев онлайн кассалық аппарттарды енгізу елдегі сауда-саттықтың ашық жүруіне әсер ете бастағанын айтады.

Онлайн кассалық аппараттар салықтан жасырылған 14 млрд теңгені анықтады

Онлайн кассалық аппараттар салық органдарынан жасырылған 14 млрд теңгені жарыққа шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында осындай мәлімет жарияланды.

ҚР Мемлекеттік кірістер департаментінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев онлайн кассалық аппарттарды енгізу елдегі сауда-саттықтың ашық жүруіне әсер ете бастағанын айтады.

"Бүгінге дейін елдегі есеп айырысу орындарының 82 пайызы онлайн кассалық аппаратпен қамтылды. Яғни 349 мың дана аппарат жұмыс істеп тұр деген сөз. Онлайн аппараттар арқылы мемлекеттік кірістер базасына бір миллиардтан астам түбіртек түсті. Соларды мемлекеттік кірістер органына берілген есептермен салыстырдық. Екі арадан 14 млрд теңгенің айырмашылығы шықты. Осылайша, біз 14 млрд теңгенің қосымша түсімін анықтадық. Яғни есеп беру кезінде аталмыш сома жасырылған", – деді комитет төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу