Онлайн оқу балалардың гаджеттерге көп уақыт жұмсауына әсер етті – сауалнама

738

Қазақстандық ата-аналар қашықтан оқыту барысына балалар гаджеттерге көп уақыт жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Онлайн оқу балалардың гаджеттерге көп уақыт жұмсауына әсер етті – сауалнама

Kaspersky жүргізген сауалнамаға сәйкес, ата-аналардың 88% қашықтан оқыту барысында балалар гаджеттерге көп уақыт жұмсайды деген. 

"Сондай-ақ ата-аналардың 72% пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту кезінде онлайн сабақтарға қосылуда техникалық проблема болғанын, ересектердің 56% бұл мәселені шешуге көмектескенін айтқан. Ата-аналардың 49% балаларын онлайн оқыту үшін гаджеттерді сатып алуға немесе жалға алуға мәжбүр болған. Олар 60% жағдайда смартфонды алған", - деп жазылған хабарламада.

Компанияның Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубановтың айтуынша, балалар интернетте алаяқтарға тез алданады.

"Сондықтан біз ата-аналарға балаларының интернетте не істеп жатқанын бақылауға, олардың онлайн-қауіпсіздігіне мән беруге шақырамыз", - деді директор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу