"Онлайн жиналыс кезінде темекі шеккен": Қарағанды облысында мәслихат төрағасы жазаланды

182

Оқиға әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болған.  

"Онлайн жиналыс кезінде темекі шеккен": Қарағанды облысында мәслихат төрағасы жазаланды Фото: Видеодан скриншот

Кадрларда ер адамның жұмыс орнында отырып, Zoom платформасындағы онлайн-кеңес кезінде электронды темекі шеккені байқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облысында аудандық мәслихат төрағасы қызметтік кабинетінде электронды темекі тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Желіге жарияланған видеоға полиция назар аударып, тексеру жүргізді. Нәтижесінде кадрдағы азаматтың Қанат Саққұлақов екені анықталды. Ол 2023 жылдан бері Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы міндетін атқарады. Аталған дерек бойынша мәслихат төрағасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері адамның атқаратын қызметі, мәртебесі немесе қоғамдағы орны заң талаптарын сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтті.

Полиция заң мен тәртіп талаптары баршаға бірдей қолданылатынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу