Онлайн жұмыс істейтіндердің қызметі заңмен реттелмек

471

Интернет-платформа немесе мобильдік қосымшаны пайдалана отырып қызмет ететін жұмыскерлердің еңбек қатынастары ҚР Еңбек кодексінің жаңа 146-1 бабымен реттеледі.  

Онлайн жұмыс істейтіндердің қызметі заңмен реттелмек Фото: inbusiness.kz

ҚР Еңбек кодексіне онлайн жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек қатынасын реттейтін жаңа бап енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістің қарауына енгізілген "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында жазылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Қолданыстағы заңнама шеңберінде еңбек қызметін мобильдік қосымшалар арқылы жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбек режимдеріне, ұзақтығына және еңбекақы төлеуге, оның ішінде еңбек функцияларын орындау үшін жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етуге қатысты еңбегін реттеу қиындатылған. Осыған байланысты, жұмыспен қамтудың осы түрінің ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек қызметін интернет-платформалар негізінде жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметін реттеу жөнінде жеке бап енгізу қажет", - деп жазылған құжатта.

Қызметін онлайн жүзеге асыратын жұмыскер мен заңды тұлға арасындағы еңбек шарты осы Кодекстің 30-бабы 1-тармағының 2 тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасалады.

"Сонымен қатар аталған бапқа сәйкес, интернет-платформаларды пайдалана отырып, жұмыс істейтін қызметкерлер үшін күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгіленуі мүмкін", - делінген жаңа бапта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу