Оңтүстік Африкада коронавирустың ең қауіпті штамы табылды

1025

24 қарашада Оңтүстік Африка, Ботсвана және Гонконгта он адам В.1.1.529 штамын жұқтырғаны белгілі болды.

Оңтүстік Африкада коронавирустың ең қауіпті штамы табылды Фото: reuters.com

Оңтүстік Африкада коронавирустың  B. 1.1.529 деп аталатын штамы табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті eNCA телеарнасына сілтеме жасап. Ғалымдардың айтуынша, бұл штамм ең қауіпті саналады. 

Зерттеушілер қазіргі вакциналар COVID-19 вирусының осы түріне қалай әсер ететінін жарияламады. Олар B. 1.1.529 штамы иммунитеті әлсіреген адам ағзасында пайда болды деген пікірде.

Бұл штамм Гонконг пен Ботсванада да анықталды. Оңтүстік Африкадағы Ұлттық жұқпалы аурулар институтының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта бұл елде инфекцияның осы түрін 22 адам жұқтырған.

"Әзірге мәлімет аз, бірақ біздің мамандар жаңа штамм мен оның әсерін зерттеп жатыр", – деді институт өкілі Адриан Пюрен.

24 қарашада Оңтүстік Африка, Ботсвана және Гонконгта он адам В.1.1.529 штамын жұқтырғаны белгілі болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу