Оңтүстік Америкадан келген тамандуалар Алматы зообағына жеткізілді

173

Бұл жолы зообақ коллекциясы Оңтүстік Америкадан жеткізілген тамандуалармен толықты. 

Оңтүстік Америкадан келген тамандуалар Алматы зообағына жеткізілді Фото: Алматы хайуанаттар бағы

Алматы хайуанаттар бағында бұрын-соңды болмаған ерекше жануарлар пайда болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Зообақтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа қоныстанушылар – Тео мен Лара есімді төрт саусақты құмырсқажегіштер. Олар 2023 жылдың сәуір айында дүниеге келген.

Тамандуалардың табиғи мекені – Оңтүстік Америка. Бұл жануарлар сыртқы бейнесі мен тіршілік ерекшелігі жағынан жалқауларға жақын саналады. Мінезі жұмсақ, өте бауырмал әрі белсенді келеді.

Жаңа тұрғындардың негізгі азығы – жәндіктер мен арнайы дайындалған жем. Тамандуалар қорегін ұзын әрі жабысқақ тілінің көмегімен аузына жеткізеді.

Алматы зообағының өкілдері бұл жануарлардың келуі келушілер үшін де, зообақтың биологиялық алуандығын арттыру тұрғысынан да маңызды екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу