Оңтүстік Қазақстанда дәрігерлер жүкті әйелдерге ерекше сыйлық жасады

1085

Оңтүстік Қазақстанда дәрігерлер жүкті әйелдерге ерекше сыйлық жасады

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында дәрігерлер аяғы ауыр келіншектерді арнайы жинап, құрмет көрсетті. Ақ халаттылар құрсағында сәби көтеріп жүрген азаматшалардың бір сәт көңілін көтеріп, думанды отырыс ұйымдастарды. Ананың көңілі жайдары болса, құрсақтағы сәбидің дамуына ерекше әсер етеді дейді дәрігерлер. Сондықтан мамандар кеш барысында медициналық құралдарын гитараға ауыстырып, аналармен бірге ән шырқады, деп жазады otyrar.kz.

Мерекелік жиынға келгендер — тәуелсіздік мерекесі қарсаңында босанатын жүкті келіншектер. Темірландық дәрігелер бұл болашақ аналарды арнайы шақырып отыр. Мұндағы мақсат —тәуелсіздіккке тарту, әрі аяғы ауыр әйелдерге ерекше көңіл-күй сыйлау. Ал кеш соңында мерекелік жиынның қонақтарына түрлі сыйлықтар табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу