Оңтүстік Қазақстанда су электр станциясы іске қосылды

1229

Оңтүстік Қазақстанда су электр станциясы іске қосылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында "Манкент" шағын су электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен "Ақсу-Энерго" ЖШС-нің директоры Анарбек Орман қатысты.

"Ақсу Энерго" ЖШС-нің бұл жобасы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында қолдау тапқан. Бұл станция жылына 2,5 МВт  электр қуатын өндіруге қауқарлы. Жоба құны 283 млн.теңге болатын кәсіпорында 6 адам жұмыспен қамтылған.

Облыста күн, жел, су энергиясының әлеуеті жоғары екенін айтқан әкім, дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жаңа энергетиканы да дамыту қажеттігін атап өтті.

"Өздеріңізге белгілі, биыл Астана қаласында "Болашақ энергиясы" тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр. Әлемдік деңгейде өткізіліп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі техникалық жетістіктермен, жаңғырмалы энергия көздерінің молдығымен, ғылымға ұмтылудың маңыздылығымен бүкіл әлемнің назарын аударуда. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2050 жылға дейін жаңғырамалы энергия үлесін 50 пайызға дейін көбейтуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінгі іске қосылған электр станциясы таза электр энергия өндірумен қатар, энерго ресурстарды үнемдеуге бағытталған",-деді әкім өз сөзінде.

Жалпы "жасыл экономикаға" көшу жөніндегі  тұжырымдамаға сәйкес, Сайрам ауданында  2 жоба іске қосылып отыр.

"Ақсу Энерго" ЖШС-і 2014 жылы "Күн нұрынан электр қуатын өндіретін қуаттылығы 1МВт болатын "Ақбай" электр станциясын іске қосқан болатын. Құны 300 млн.теңге болатын электр станциясы 2016 жылы 987,166 МВт энергия көзін өндірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу