Оңтүстік Корея 2022 жылы қару экспортынан рекордтық пайда тапты

613

Кореялықтар Киев билігіне қару-жарақ жеткізуден жүйелі түрде бас тартқанымен, Шығыс Еуропа елдерімен серіктестік арта түсті.   

Оңтүстік Корея 2022 жылы қару экспортынан рекордтық пайда тапты Фото: img2.eadaily.com

Оңтүстік Кореяның қару-жарақ экспорты өткен жылы 140%-ға өсіа, шетелге жеткізілген қару-жарақ құны рекордтық $17,33 млрд құрады, деп хабарлады inbusiness.kz The New York Times газетіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының Украинадағы басқыншылығы басталғалы бері Оңтүстік Корея билігі Киев билігіне қару-жарақ жеткізуден жүйелі түрде бас тартты, оның орнына Сеул "қару-жарақтағы әлемдік олқылықтың орнын толтыруға" шоғырланды.

Өткен жылы Оңтүстік Корея қаруының ең ірі тапсырыс берушісі Польша болды. Кореялық өндірушілерімен $12,4 млрд-қа мәміле жасалды, нәтижесінде Варшаваға танктер, гаубицалар, жойғыштар мен зымыран тасығыштар жеткізілді. Басылым Оңтүстік Кореяның қару-жарақтары жалпы шығыс еуропа елдерінің қызығушылығын тудырғанын көрсетеді.

2017 жылдан 2021 жылға дейін Оңтүстік Кореяның Қорғаныс өнеркәсібі 25 ірі қару-жарақ экспорттаушы елдер арасында ең қарқынды өсімді көрсетті. Өндіріс қарқынын жеделдету үшін Оңтүстік Кореяның қару-жарақ өндірушілері де жергілікті өндірістерді ұйымдастыру мүмкіндіктерін іздейді.

Сонымен, Hanwha Defence компаниясы Аустралияда K9 Thunder өздігінен жүретін гаубица зауытын салуға ниетті. Сонымен қатар, Сеул Варшаваға жеткізетін гаубицалардың көп бөлігі Польшада жергілікті кәсіпорындармен бірлесіп жиналады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу