Оңтүстік Корея әлем бойынша қару-жарақ сатудан 4-орынға шықпақ

171

Ел билігі осындай мақсат қойып отыр.

Оңтүстік Корея әлем бойынша қару-жарақ сатудан 4-орынға шықпақ Фото: tgstat.ru

Оңтүстік Корея әлемдік қару нарығында төртінші ірі экспорттаушы болуды көздейді. Бұл туралы ел президенті Ли Чжэ Мён мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қару-жарақ пен әскери-өнеркәсіп кешені саласында әлем бойынша төртінші орынға шығу орындалмас арман емес", – деді Ли Чжэ Мён.

Оның сөзінше, бұл мақсатқа алдыңғы үкіметтердің қорғаныс өнеркәсібі мен аэроғарыш салаларын дамыту бағытындағы жұмыстардың арқасында қол жеткізуге болады. 

"Қорғаныс саласындағы экспорт 10 млрд доллардан асып, Корея әлемдегі бесінші ірі әскери державаға айналды", – деді Оңтүстік Корея басшысы.

Экс-президент Юн Сок Ёль 2022 жылдың күзінде Кореяны 2027 жылға қарай әлемдегі төртінші ірі қару экспорттаушы елге айналдырғысы келетінін айтқан болатын. Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының мәліметінше, 2020-2024 жылдар аралығында Корея әлемдегі қару экспорттаушы елдердің ішінде 10-орынға тұрақтаған.

"Үкімет батыл инвестициялар мен мемлекеттік қолдаудың арқасында әскери-өнеркәсіп және аэроғарыш саласында төрткүл дүниеде төртінші орынға көтеріледі", – деді Ли Чжэ Мён. 

Бұл мақсатта 2030 жылға дейін Оңтүстік Корея билігі әскери және аэроғарыштық технологияларға бұрын-соңды болмаған көлемде қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

Ли Чжэ Мён Корея қару-жарақ экспорттаушы ғана емес, саладағы сенімді серіктеске айналуы тиіс екенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу