Оңтүстік Корея Қазақстандағы АЭС құрылысына қызығушылық танытты

727

Корей компаниялары Қазақстандағы атом электр станция құрылысы жобасына қатысуға үлкен қызығушылық танытып отыр.  

Оңтүстік Корея Қазақстандағы АЭС құрылысына қызығушылық танытты Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы оңтүстік кореялық жетекші сарапшылар айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Сеулде екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған басқосуда Кореяның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Пэк Чу Хенн мұндай бірлескен ауқымды жоба екіжақты қарым-қатынасқа серпін беретінін атап өтті. Жалпы Кореялық инвесторлардың қатысуымен үлкен Алматы айналма жолы салынды. Енді еліміздегі атом электр станциясының құрылысына оңтүстікқорялық мамандар қатысуы мүмкін. Өйткені ядролық энергетиканы дамыту Кореяның басым бағыттарының бірі болып табылады.

"Сондай-ақ, Еуразиядағы күрделі геосаяси жағдайға байланысты Қазақстан Кореяға электромобильдер шығару үшін сирек жер металдарын жеткізе алады", - дейді сарапшылар.

"Мен Қазақстанда қазан айының басында бір аптаға жуық болдым және кореялық кәсіпкерлермен кездестім, олардың көпшілігі Ресейдегі қызметін шектеп, Орталық Азия нарығына шығуды ойластырып жатыр. Роман Скляр мырзаның жетекшілігімен жұмыс тобы құрылғанын білеміз. Бірақ сонымен бірге біз Қазақстанда арнайы корейлік компаниялар үшін қызметтердің толық пакетін ұсынатын тетік құруды күтеміз", деп мәлімдеді Қазақстандағы Кореяның бұрынғы елшісі Пэк Чу Хен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу