Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлесіп жаттығу өткізу жөнінде келіссөздер жүргізуде

596

Вашингтон мен Сеул Пхеньянның ядролық қаруды қолдану қаупінің артуынан қауіптенеді.  

Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлесіп жаттығу өткізу жөнінде келіссөздер жүргізуде Фото: aa.com.tr

Екі жақтың өкілдері Оңтүстік Корея мен АҚШ командалық-штабтық жаттығулар өткізуді талқылап, Солтүстік Корея тарапынан өсіп келе жатқан ядролық қауіпке қарсы іс-қимылдарды бірлесіп жоспарлауға қатысатынын сейсенбіде хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Жоспар Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёльдің Пхеньянның әскери шабуылдарын болдырмау үшін Американың әскери қатысуын, соның ішінде ядролық күштерді күшейтуге деген ұмтылысы аясында жасалды.

Дүйсенбіде жарияланған сұхбатында Юн одақтастар бірлескен Ядролық жоспарлау мен жаттығуларды өткізуді талқылап жатқанын айтты.

"Солтүстік Кореяның ядролық қаруына жауап беру үшін екі ел АҚШ-қа тиесілі ядролық құралдардың мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасу жолдарын және сәйкесінше бірлескен жоспарлау мен пайдалануды талқылайды", - деді Оңтүстік Корея президентінің баспасөз хатшысы.

Екі елдің басшылары "өз командаларына Солтүстік Кореяның ядролық қаруды қолдануын қоса алғанда, бірқатар басқа да қауіп түрлеріне тиімді әрі үйлестірілген қарсылықты жоспарлауды тапсырды", - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер.

Алайда, дереккөз ядролық жаттығуларды жүйелі түрде өткізу қиынға түсуі мүмкін екенін жазады. Себебі, Оңтүстік Корея - ядролық держава емес. Осылайша дереккөз Джо Байденнің дүйсенбіге қараған түні одақтастар мұндай әрекеттерді талқыламайтынын айтқан сөздерін қайталады. Америкалық саясат әлемнің кез келген жерінде АҚШ-тың ядролық құралдарын бірлесіп бақылауға жол бермейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу