Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Хан Док Су отставкаға кетті

149

Енді елдің қаржы министрі президенттің міндетін уақытша атқарады. 

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Хан Док Су отставкаға кетті Фото: AP Photo

Оңтүстік Кореяның премьер-министрі әрі президенттің міндетін уақытша атқарушы Хан Док Су отставкаға кеткенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Yonhap жазуынша, Хан Док Су алдағы президент сайлауына қатыспақ.

"Мен қазір дағдарыстан шығып, қолымнан келгеннің бәрін жасау үшін осы лауазымнан кетуге шешім қабылдадым", - деді ол.

Хан Док Су 2024 жылдың желтоқсанында бұған дейінгі президент Юн Сок Ёльге импичмент жарияланғаннан кейін уақытша осы лауазымға келген болатын. Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізгені үшін қызметінен шеттетілді.

Оның отставкасынан кейін, Оңтүстік Корея заңдарына сәйкес, вице-премьер, қаржы министрі Чхве Сан Мок президенттің міндетін уақытша атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу