Оңтүстік Корея Украина аймақтарының Ресейге қосылуын мойындамайтынын мәлімдеді

765

Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі Сеулдің ДХР мен ЛХР референдумдарының нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеді. 

Оңтүстік Корея Украина аймақтарының Ресейге қосылуын мойындамайтынын мәлімдеді

Сеул Донецк және Луганск халық республикаларын, Херсон және Запорожье облыстарында өткен референдумдарды, сондай-ақ осы төрт аймақтың Ресейге кіруін мойындамайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

 "Украинаның егемендігі, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігі құрметтелуі керек", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Франция Сыртқы істер министрлігі төрт аймақтың Ресейге кіруін ешқашан мойындамайтынын және Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкцияларының қабылдануын қолдайтынын мәлімдеген.

30 қыркүйекте Ресей Президенті Владимир Путин елге төрт жаңа аймақтың кіруі туралы келісімдерге қол қойды. Салтанатты шара 2014 жылы Қырыммен осындай келісімге қол қойылған Кремльдің Георгиевский залында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу