Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён басшыларды аптап ыстықтан зардап шегіп жатқан адамдарды қорғауға және энергия жүйесіне инспекция жүргізуге шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сынап бағанасы қазір 40 градустан асып тұр. Елдің Ұлттық метеорология агенттігінің хабарлауынша, 2 тамызда ауа температурасы 42,5 градусқа жеткен.
Мамандар: "Бұл – кейінгі 122 жылдағы ең жоғары көрсеткіш", – дейді.
Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің отырысында шенеуніктерді халықты аптаптан қорғау шараларын тез арада қабылдауға шақыры, энергия жүйелерін шұғыл тексеруді тапсырды.
Ел астанасы Сеулдің кейбір аудандарында төтенше жағдай жарияланған. "Рёнхап" агенттігінің мәліметінше, ел тарихында сынап бағанасы соңғы 122 жылда алғаш рет мұндай дәрежеге көтеріліп отыр. Көршілес Солтүстік Кореяда да аптап ыстық орнады. Онда температура күндіз 40, ал түнде 20 градустан жоғары.