Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 21 адам көз жұмды

390

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті.

Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 21 адам көз жұмды Фото: Yonhap

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён бейсенбі күні үкіметке елде аптап ыстықтан келтірілген залалды азайту үшін барлық ресурсты жұмылдыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамыр айының ортасынан бастап аптап ыстыққа байланысты ауруларды бақылау жүйесі іске қосылғаннан кейін жедел жәрдем көмегіне 2441 адам жүгінді.

Оңтүстік Кореяның Ұлттық метеорологиялық қызметі жалғасып жатқан аптап ыстық аясында Сеул астаналық аймағы үшін ауа райына байланысты қосымша ескерту жариялады. Қазіргі уақытта аймақ аумағының 43%-ы ескертудің ең жоғары деңгейінде.

Синоптиктер болжамынша, Сеулдегі температура 6 тамызда 39°C-қа дейін жетуі мүмкін.

Еске салсақ, Оңтүстік Кореяның көп бөлігінде температура 40°C-қа жақындады, елдің оңтүстік-шығысындағы Янсан қаласында жексенбіде 42,5°C.ең жоғары температура тіркелді.

Биылғы шілде айы бақылау тарихында ең ыстық жылдардың бірі болды: ел бойынша орташа температура 26,8°C-қа жетті. Бұл - тарихта үшінші ең жоғары көрсеткіш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу