Оңтүстік Кореяда белгісіз ер адам ұшып келе жатқан ұшақтан секіріп кетпек болған

Жолаушылардың басым бөлігі бортта қысымның төмендеуі салдарынан естерінен танып қалған. 

Оңтүстік Кореяда белгісіз ер адам ұшып келе жатқан ұшақтан секіріп кетпек болған Фото: Пятый канал

Asiana Airlines компаниясының рейсімен ұшып келе жатқан жолаушылардың бірі биіктікке көтерілген кезде апаттық есікті ашып, секіріп кетпек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап. 

Алайда рейсте қайғылы жағдай орын алған жоқ. Ұшақ Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы әуежайға келіп қонды. Бірақ борт кабинасында қысымының төмендеуіне байланысты жолаушылардың көпшілігі естерінен танып қалған, барлық жолаушылар дін аман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу