Оңтүстік Кореяда қаза тапқан отандасымыздың денесі 3 қарашада Алматыға жеткізіледі

626

Оңтүстік Кореяда Хэллоуин мерекесі кезінде қаза тапқан қазақстандық Мәдина Шерниязованың денесі 3 қарашада Алматыға жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.  

Оңтүстік Кореяда қаза тапқан отандасымыздың денесі 3 қарашада Алматыға жеткізіледі Фото: news.sky.com

Бұл туралы еліміздің Сеулдегі елшілігіндегілер хабарлады. Қазақстандық дипломаттар Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қажетті құжаттарды рәсімдеу процедурасын жеделдетті. Әдетте бұл рәсімге кемінде 10 күн уақыт қажет. Табытты сақтауға, тасымалдауға кеткен барлық шығынды Корея үкіметі өтейді. Туыстарының өтініші бойынша Мәдинаның жеке заттары да Қазақстанға жөнелтілмек. Марқұмның достары оның отбасына көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Кореяда тұратын отандастарымыз 11 миллион воннан астам қаражат жинап берді. Бұл - шамамен 8 мың доллар. Қаржы жерлеу жұмыстарына жұмсалады. Сеулдегі қайғылы оқиға 29 қазанда Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде болған еді. Соңғы мәліметтер бойынша 156 адам қаза тапты, оның 26-сы шетелдік.

"Жалпы айтқанда рәсімдер өте тез өтіп жатыр. Корей тарапымен келісім бойынша солардың көмектері арқылы барлық процесстер тез өткенін айтып кетуге болады", - деді ҚР Корея Республикасындағы елшілігінің кеңесші-консулы Аслан Асқар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу