Олар қойған талаптары орындалмаса, ереуіл ұзақ мерзімге созылатынын ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл компания тарихындағы ең ірі наразылықтардың бірі. Қызметкерлер бонустарды көбейтуді және жалақы айырмашылығын қысқартуды талап етіп жатыр.
Атап айтқанда, олар басты бәсекелесі SK Hynix компаниясымен салыстырғанда өз еңбекақыларының айтарлықтай төмен екенін алға тартты. Әсіресе жасанды интеллектке арналған чиптер нарығы қарқынды дамып жатқан кезеңде бұл айырмашылық анық байқалады.
Кәсіподақтың негізгі – талабы бонусқа қойылған шектеулерді алып тастап, төлемдерді ұлғайту. Ал компания өз кезегінде ымыра ретінде операциялық табыстың шамамен 10%-ын сыйақы ретінде бөлуді және жалақыны көтеруді ұсынды.
Бұл ұсынысты кәсіподақ жеткіліксіз деп санап, тағы ереуіл ұйымдастыруы мүмкін екенін мәлімдеді.