Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны 20-ға жуықтады

130

Сондай-ақ, тағы 11 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны 20-ға жуықтады Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяда өткен аптада басталған толассыз жауын мен көшкін салдарынан соңғы мәлімет бойынша 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы жергілікті Yonhap басылымы мәлімдеп отыр.

Нөсер жауын басталған сәрсенбіден бері 14 мыңнан астам адам 15 ірі қала мен провинциядағы баспаналарды паналап отыр.

Елде төтенше жағдай жарияланды. Апат болған аймаққа қосымша құтқару күштері жіберілді.

Су тасқыны орын алған аумақтарда нөсер жаңбыр салдарынан ұялы байланыс қызметтері тоқтап қалған.

Материалдық шығын қомақты болды: жексенбі күні кешке мемлекеттік инфрақұрылымға 1999, жеке меншікке 2238 зақым келу дерегі тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу