Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарында Қазақстан 9 спорт түрінен бақ сынайды

927

Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарында Қазақстан 9 спорт түрінен бақ сынайды

Елордада ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен бірлескен жиын өтіп, ұлттық құрама командалардың 2018 жылы Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарына дайындығы талқыланды, деп хабарлайды vesti.kz.

Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына 90 елдің спортшылары мен ресми тұлғалары қатысады деп күтілуде. Әлемдік додада 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның спорттық делегациясы тоғыз спорт түрінен сынға түспек.

Жиында бас бапкерлер мен мемлекеттік жаттықтырушылар ұлттық командалардың дайындықтары туралы баяндап, қазіргі таңда басты мақсат Олимпиада ойындарына жолдама алу және дайындықтың соңғы кезеңін ойдағыдай өткізу екенін айтады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың айтуынша, 62 спортшы олимпиадалық жолдамадан үмітті. 2017-2018 жылғы маусымда халықаралық іріктеу жарыстарында лицензия алу жалғасады. Бүгінде шорт-трек, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шаңғымен тұғырдан секіру, биатлон, шаңғы жарысынан ұлттық құрама командалар қазақстандық бапкерлермен қатар құрамаға шақырылған шетелдік мамандармен жаттығып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу