Оңтүстік Кореяның экс-президенті 5 жылға сотталды

Тергеу мәліметінше, Юн Сок Ёль құқық қорғау органдарының әрекетіне тосқауыл қойған.

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 5 жылға сотталды Фото: theglobeandmail.com

Сеулдің орталық аудандық соты Юн Сок Ёльдің 2024 жылдың желтоқсанында әскери жағдай енгізу туралы шешіміне байланысты берілген қамауға алу ордерінің орындалуына кедергі жасағанын дәлелдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, сот оның ресми құжаттарды қолдан жасағаны және әскери жағдай жариялар алдында заңда көзделген рәсімдерді сақтамағаны үшін де кінәлі деп тапты. Тергеу органдары оның шешімі Конституция мен қолданыстағы заң талаптарына қайшы келгенін алға тартты. Экс-президенттің адвокаты сот үкімімен келіспей отыр. 

Айта кетейік, Юн Сок Ёльдің ісі Оңтүстік Корея қоғамында үлкен резонанс тудырған. Сарапшылар бұл үкімді елдегі құқықтық жүйенің тәуелсіздігі мен заң үстемдігінің көрінісі ретінде бағалайды. 

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның экс-президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу