Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті тағы да қамауға алынды

Сот былтыр әскери жағдай енгізу әрекеті үшін Юн Сок Ёльді кезекті рет қамауға алу туралы ордер берген. 

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті тағы да қамауға алынды Фото: Afisha.ru

Мұндай өтінішті арнайы прокурор Чо Ын Сок жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сеул орталық аудандық соты "бұрынғы президент айғақтарды жойып жіберуі мүмкін" деп алаңдайды. Чоның командасы бес негізгі айып бойынша, соның арасында Юн Сок Ёльдің 3 желтоқсанда әскери жағдай жарияланғанға дейін өткен жиналысқа тек кейбірін ғана шақырып, "министрлер кабинеті мүшелерінің құқығын бұзды" деген айып бойынша ордер сұраған. Десе де, Юн мен оның адвокаттары тыңдауға қатысып, барлық айыпты жоққа шығарды, сосын ғана бұрынғы президент тергеу изоляторына жеткізілді.

Бұл – Юн Сок Ёлдің екінші рет тұтқынға алынуы. Алғашқысы қаңтар айында, яғни әлі президент болған уақытында тіркелді. Кейін сот наурызда оны босатты.

Сеул полициясы ордер бойынша шешім жарияланғанға дейін қаланың оңтүстік бөлігіндегі сот ғимаратының айналасына 2 мыңға жуық офицер мен 350-ге жуық техниканы, соның арасында қорғаныс бөгеттерін орналастыруды жоспарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу