Оңтүстік Кореяның экс-президенті заң бұзғаны үшін айыпталды

164

Оңтүстік Кореяның жергілікті прокуратурасы бұрынғы мемлекет басшысы Мун Чжэ Инді пара алды деген күдікке ілінді.  

Оңтүстік Кореяның экс-президенті заң бұзғаны үшін айыпталды Фото: Ренхап

24 сәуірде Чонджу қаласының аймақтық прокуратурасы Мун Чжэ Инді "Арнайы қылмыстарға қатаң жаза қолдану туралы" заңды (парақорлық бабы) бұзды деп айыптап сотқа берді, деп жазады inbusiness.kz сайты Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Прокуратура бұрынғы депутат әрі Eastar Jet әуе компаниясының негізін қалаушы Ли Сан Джикті пара алу және қызметтік міндеттерін дұрыс орындамады деп айыпталды. Алайда экс-президенттің қызы мен күйеу баласына қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, Ли Сан Джик шағын және орта бизнес корпорациясының басқарма төрағасы қызметін атқарып тұрған кезде, 2018 жылдың наурыз айында Мун Чжэ Иннің күйеу баласы Eastar Jet-тің Таиландтағы филиалына басқарма мүшесі ретінде қабылданған. Прокуратура бұл жағдайды мұқият тексеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу