Оңтүстікте 57 елдімекен көгілдір отынмен қамтылады

1673

Оңтүстікте 57 елдімекен көгілдір отынмен қамтылады

Оңтүстікте 2017 жылы 57 елдімекен халқы көгілдір отынмен қамтылады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14 млрд 1 млн теңге жұмсалатын болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы, облыста 844 елдімекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп отыр деген сөз.

– Облыстың елдімекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес 2020 жылға қосымша 383 елдімекенді газдандыру жоспарланып отыр. 2021 жылға табиғи газбен қамтылған елдімекендер санын 683-ке немесе 2 млн 720 мың тұрғынға жеткізу межеленіп отыр, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өңір басшысы тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты сұрақтарына да жауап берді. Облыс әкімінің айтуынша, өлкеміздегі елдімекендер ауыз сумен 73 пайыз қамтылған. Бұл көрсеткіш бойынша өңіріміз республикада 4-орында келеді. Арнайы қабылданған бағдарламаға сай алдағы жылдары 844 елдімекеннің 701-і, яғни 83 пайызы ауыз сумен қамтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу