ОҚО-да "Ордабасы" қой тұқымының саны 125 мыңға жеткізілмек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында "Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС Бас директорының мал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрадин Әлібаев мәлім етті.
Онда спикер алдағы 4 жылда "Ордабасы" қой тұқымының санын 125 мыңға жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Ол үшін арнайы бағдарлама да жасалып жатыр екен.
Бүгінде бәсекеге қабілетті Ордабасы қой тұқымы ауылшаруашылық өндірісіне кеңінен ендірілген, оның жалпы саны 75 мың бастан асса, ал таза тұқымдыларының саны 36 мыңнан астам басты құрап отыр. Ордабасы қойы қазақтың қылшықты құйрықты қойы мен еділбай тұқымы және шетелдік гиссар тұқымы негізінде алынған.