Оңтүстікте қуаңшылықтан 49 мың гектар бидай алқабы қураған

186

Қазір қуаңшылықтан Түркістан облысындағы 300-ден астам шаруашылықтың күзде еккен бидайы ораққа ілікпей тұр.  

Оңтүстікте қуаңшылықтан 49 мың гектар бидай алқабы қураған Фото: baraev.kz

Елдің оңтүстік аймақтарында биылғы көктемнің жауын-шашынсыз болғаны егін алқаптарына едәуір әсер етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Салаға жауаптылар болса, шығанға ұшыраған шаруаларды қолдау үшін жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Өңірдегі 300-ден астам шаруа шарасыз күйде отыр. Астықтың көлемінен күдер үзгендер егінге орақ та салмады. Ал алқапқа тартылған техникалар жұмыр жерді тырмалап, жиі істен істен шығып жатыр. Осыған байланысты өңірде арнайы жұмыс тобы құрылды. Алқаптарға жүргізілген тексеру нәтижесінде жалпы 49 мың гектардай жер егін орағына жарамсыз деп танылған. Министрлікпен бірге шығынға ұшыраған шаруаларды қолдау мақсатында арнайы ұсыныстар енгізілді.

"Несиелердің қайтару мерзімін шегеру және "Қазагроқаржы" АҚ арқылы 5%-пен техниканы лизингке алған. Аталған шаруалар тізімі нақтыланып, қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігімен тиісті шаралар жүргізіліп жатыр", – дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ақтөре Түймебек.

Оңтүстік шаруалары 200 мың гектардан астам жерге күздік бидай сепкен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3 мың гектарға көп.

Алайда мамандардың айтуынша, қуаңшылық пен аптап ыстықтан өнім көлемі гектарына бұрынғы орташа 20 центнерден 11,5 центнерге дейін түсіп кеткені байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу