Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар қанша жалақы алады?

1925

Елімізде оңтүстіктен солтүстікке жаппай көшіру процесі қарқынды жүріп жатыр.

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар қанша жалақы алады?

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің берген мәліметіне сәйкес, азаматтар көбінесе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударып жатыр.

Статистика комитетінің берген ақпараты бойынша, ең жоғары жалақы алатын аймақ – Павлодар облысы. Өңірдегі бір айлық еңбекақы – 161 100 теңге. Тізімді 159 100 теңгемен Шығыс Қазақстан облысы жалғастырып отыр. Ал ең төменгі айлық көрсеткіші Солтүстік Қазақстанда тіркелген. Мұндағылар айына орташа есеппен 137 600 теңге алады екен.

Алайда оңтүстік өңірлерде одан да төмен. Мысалы, Түркістан облысында 122 700 болса, Жамбыл аймағында – 127 800 теңге.

1 млн-нан астам тұрғыны бар Шымкент шаһарының бір айлық табысы – 141 мың теңге. Ең жоғары – 300 мың теңгеден асатын жалақы Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына тиесілі. Ал оңтүстіктегі мегаполис Алматыда елордаға қарағанда 27,9 пайызға аз. Яғни шамамен 212 000 теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу