banner

ОПЕК: 2023 жылы мұнайға деген сұраныстың қарқыны баяулайды

656

Ұйымның айтуынша, шикізатқа деген сұранысқа індетке байланысты проблемалар мен геосаяси факторлар әсер етуде.

ОПЕК: 2023 жылы мұнайға деген сұраныстың қарқыны баяулайды Фото: reuters.com

2023 жылы мұнайға деген әлемдік сұраныстың қарқыны 2022 жылмен салыстырғанда баяулайды. ОПЕК ұйымы осындай болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ОПЕК келесі жылы сұраныс көлемі бір тәулікте 2,7 млн баррельге артады деп топшылап отыр. Биылғы болжам – бір тәулікте 3,4 млн баррель.

Мұнай альянсы бұл болжам COVID-19 пандемиясын тежеуге бағытталған шаралардың тиімділігі мен және жаһандық экономиканың өсіміне негізделген деп мәлімдеді.

Ұйымның айтуынша, шикізатқа деген сұранысқа індетке байланысты проблемалар мен геосаяси факторлар әсер етуде.

Сонымен қатар ОПЕК-тің баяндамасында 2023 жылы әлемдік ЖІӨ 3,2%-ға артатыны, пандемияның, Шығыс Еуропадағы геосаяси жағдайдың және жаһандық қаржылық саясаттың өсу динамикасына теріс әсер етпейтіні жазылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу