ОПЕК 2026 жылғы дүниежүзілік мұнай сұранысына арналған болжамын жариялады

120

ОПЕК 2026 жылы мұнайға деген дүниежүзілік сұраныстың 2025 жылмен салыстырғанда күніне 1,38 миллион баррельге өсетінін мәлімдеді.

ОПЕК 2026 жылғы дүниежүзілік мұнай сұранысына арналған болжамын жариялады Фото: Evolf/Shutterstock.com

Ұйымның болжамы бойынша сұраныс күніне 106,52 миллион баррель деңгейінде болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ақпарат ұйымның қаңтар айындағы баяндамасында көрсетілген.

"2026 жылғы дүниежүзілік мұнай сұранысының өсуі жылдық есепте күніне 1,4 миллион баррель деңгейінде қалып отыр, бұл өткен айдағы бағалау көрсеткішінен өзгермеген", – делінген ақпаратта.

Қосымша кестелерге сәйкес, өткен айдағыдай, ОПЕК 2026 жылы мұнай сұранысы күніне 1,38 миллион баррельге өсіп, 106,52 миллион баррельге жетеді деп күтілуде. 2025 жылы ұйымның бағалауы бойынша сұраныс күніне 105,14 миллион баррельді құраған.

Ал, 2027 жылы сұраныстың өсуі күніне 1,34 миллион баррельге жетіп, 107,86 миллион баррельге жететіні болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу