ОПЕК бақылауды күшейтуге мәжбүр

776

ОПЕК бақылауды күшейтуге мәжбүр

ОПЕК-тің маусым айындағы өндірісі тәулігіне 32,1 млн баррельді құраған. Ұйымның Бас хатшысы Мохаммед Баркиндоның мәлімдеуінше, әзірге әлемдік нарықта қара алтын қоры тәулігіне 100 млн баррельге ғана азайған. Жағдайдың өзгеруіне Ливия мен Нигерияның ортақ келісімнен бас тартуы себеп болып отыр. Осыған орай, бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ОПЕК-тің мониторинг комитетіннің басқаруымен жиын өтуі тиіс. Оған негізгі үш мемлекет - Алжир, Кувейт және Венесуэламен бірге Ресей мен Оман өкілдері қатысады. Сондай-ақ, талапты бұзған елдер де шақыртылған.

Жиында Венадағы келісімге сәйкес, талаптарды сақтау қағидаттары тағы бір пысықталмақ.

Еске салсақ, 25-мамырда Австрияда ОПЕК-ке мүше 14 ел мен картельге кірмейтін мемлекеттер мұнай өндірісін 2018 жылдың наурызына дейін азайтуға келісім жасаған еді. Бірақ сондан бері өндірісті Ливия 17%-ға, ал Нигерия 6%-ға арттырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу