ОПЕК биылғы сұранысқа қатысты болжамын жариялады

923

Сарапшылардың айтуынша, сұраныс көлемі бір тәулікте 100 мың баррельге қысқарып, 5,8 миллион баррельге дейін төмендейді.

ОПЕК биылғы сұранысқа қатысты болжамын жариялады

ОПЕК биыл мұнайға деген сұраныс аз болады деген болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы ұйымның соңғы есебіне сілтеме жасап. 

Сарапшылардың айтуынша, сұраныс көлемі бір тәулікте 100 мың баррельге қысқарып, 5,8 миллион баррельге дейін төмендейді. Шектеу шараларының ұзартылуы және кейбір елдерде жаңа локдаунның енгізілуі салдарынан осындай динамика орнайды. 

11 ақпанда Халықаралық энергетикалық агенттік осыған қатысты өз болжамын ұсынған еді. Агенттік бір күндік сұраныс 5,4 миллион баррельге дейін түсетінін, бірақ екінші жартыжылдықта сұраныстың артатынын жариялады.

Еске сала кетсек, 9 ақпанда Brent баррелінің бағасы 61 доллардан асқан болатын. Бұл өткен жылдың қаңтар айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Мұнай бағасының өсуі ОПЕК+ келісіміне қатысушылардың позициясына тәуелді. Альянс мүшелері жыл соңында өндірісті шектеу бойынша мәміле шарттарын қатаңдатуға уағдаласты. Енді олардың келесі кездесуі наурыз айында өтеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: lenta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу